«№70 Сапаш Байғозиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінің тарихы

       Мектеп – болашақ негізін қалыптастыратын, ел мерейін асқақтататын, тұлғалар баптайтын құтты мекен, алтын ұя. Мектебіміз – барлығымыздың мақтанышымыз. Алты-ақ әріптен құралған бұл сөздің құдіреттілігі де сонда жатқан болар.
      Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан-жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру – мектеп ұжымының мақсаты, шын жүректі тілегі  болатын білім ордасының  іргетасы  1929 жылы  қаланып, №29 Орта Азиялық темір жол бастауыш орыс мектебі темір жол жұмысшыларының балаларына арналып ашылған. Кейіннен  1941 жылы жеті жылдық мектеп, 1964 жылы орта мектеп болып құрылған. №70 орта мектебіне 2000жылы Сапаш Байғозиев есімі берілді. Содан бері Байғозиевтар әулеті бұл оқу орнын басты демеушілікке, қамқорлығына алған. 444,6 шаршы метрлік ғимаратты салып берді.Онда үш сынып бөлмесі, асхана, думан залы бар. Мектеп ұжымы осындай демеушілерін мақтан етеді.  

      Мектеп тарихында әр кезеңдегі директорлар есімі сонау ірге тасы қаланған сәттен бастап, негізін қалаудағы әр бірінің жасаған еңбектері, өнегелі іс-әрекеттері алтын әріппен жазылып, кейінгі толқын әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталған. Тарихы мол білім ордасын кімдер басқарғанын айта кететін болсақ, 1929-1941 жылдары А.Леонов одан кейін 1941-1942 жылдары В. Акимин, 1942-1946 жылдары А.Садуов, 1946-1950жылдары А.Латипов, 1950-1966жылдары Т.Қыдырбаев, 1966-1969 жылдары Т.Пернебаев, 1969-1981жылдары А.Сейілбеков, 1981-1986 жылдары Сапарбаев, 1986-1997 жылдары С.Талманов, 1997-1998жылдары М.Утегенова,1998-2000жылдары П.Беделов, 2000-2005жылдар арасында С.Дүйсенов, 2005-2022жылдар аралығында Г.Орманова басқарса, ал 2022 жылдан  бері Сырғабай Бейсенбай Дарханбайұлы мектеп директоры болып жұмыс жасап келеді.

      «Мектептің жүрегі — мұғалім» дегендей,  90 жылдық тарихы бар білім орадасында еңбегі сіңген, қаншама саналы ұрпақ тәрбиелеп, қанаттандырған, шәкірттері биік асуларды бағындырған ардагер ұстаздарымыздың да еңбегі ерен. Осындай тұғыры биік тұлғаларымыз, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Чернышева Евгения және Бейсенова Күлшария, Маржан Утегенова, Роза Сулейманкулова, Асқар Қансейітов, Сәрсенкүл Қамбатырова, Гулжанат Битемирова, Жомарт Жалдыбаев, Айнагул Гаипова, Айтжан Ахунов, Нургуль Нарымбетова, Салтанат Молдашева.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Ү.Айтпаев, А.Сауырбаев, Омаров, П.Қалауов, О.Утеев, С.Беделова, А.Токсанбаева, Р.Едилова, Н.Маймакова  ұстаздарымыз өзінен кейінгі жастарға үлгі бола білсе, тарих және география пәнінен Қ.Тұрапбаев, Б.Мақұлбаева,  І. Қаратаевич, Ж.Ертаев ұстаздарымыздың еңбегі ерен. Ағылшын тілінің үздік маманы М.Абрамович. Шәкірттерінің жанына білім нұрын құя білген бастауыш сыныпың ардагер ұстаздары: Р.Бадаева, Ұ.Комилова, Г.Қалауова, З.Байжанова, Қ.Рүстемова және математика пәнінен ардагерлікке шыққан ұстаздарымыз Е.Айтпаев, Е.Қосмырзаев, Б.Қосмырзаева, А.Досмагамбетова,  Химия және биология пәнінен еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздарымыз Ә.Сейілбеков, Ә.Ерназаров, Ұ.Бүркітбаева, А.Танирова, Қ.Қожабаева. Орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінен шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан Р.Харисовна, Г.Н. Федровна. Физика пәнінен үлгілі ұстаздарымыз К.Кемелова, Технология пәні мұғалімдері В.Чернышева, Р.Шарафиева Т.Абдраймова және дене шынықтыру пән мұғалімдері Қ. Нарымбетов. Сонымен бірге кітапханашы А.Ақтанова,  өз ісінің шебері Қ.Беркімбаева  хатшылық қызметімен ардагер ұстаз атанса, мектептің медбикесі Ж.Қамбарова өз мамандығы бойынша қалтықсыз қызмет етіп, өздерінен кейінгі ұстаздарға үлгі көрсете білген.

       Бұл білім мекемесінің жанынан 2019жылы қосымша ғимарат салынып,  қыркүйек айында пайдалануға берілді. Мектептің  арнайы жабдықталған   22 пән кабениеті, заманауи шеберхан, сонымен бірге үлкен спорт зал, стандартқа сай асханасы  және жалпы кітап қоры – 13726, оның ішінде оқулықтар – 11795,  көркем әдебиет – 378, әдістемелік кітаптар – 832, 625 электронды оқулықтардан тұратын кітапхана бар.

       Қазіргі таңда білім ордасында 658 оқушы бар. Оларға 79 педагог дәріс береді. Оның  ішінде  жоғары  санатты – 1, «педагог-сарапшы»,  «педагог-зерттеуші» –19, «педагог-сарапшы» – 23, «педагог-модератор» – 15 , санатсыз–21  мұғалім  сабақ  үдерісін  жүргізді. Деңгейлік  курс бойынша  сертификатталған–14(І деңгей–3, ІІдеңгей–4,ІІІдеңгей–9) мұғалім  бар. Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бойынша   мұғалімдер толықтай   курстан  өтіп, сертификатталған.  Осы аталған ұстаздардың оза шауып, шәкірттері биік белестерден көрінгендері де аз емес.  Соңғы үш жылдық қорытындыны айта кетсек,  С.Алтынбеков   ұстаздық жолында шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін облыстық «Құрмет» грамотасымен, «Қазақстанның болашағы- жастардың қолында» ғылыми – практикалық коференцияда шәкірті Рахматулла Айкен I дәрежелі дипломмен марапатталған. Варшава қаласында өткен 2020ж-Халықаралық   «Сравнительный анализ Европейской системи образованиян на примере Республиканской Польша», оқушылар аралығындағы ғылыми-практикалық конференцияда Рахматулла Әйгерім ІІІ орын және 2019г-На ІVМеждународной научно-практической конференции    школьников и студентов «Казахского – Россия: наука без границ»,  Москва қаласынан ІІ орынды иеленіп қайтты. Бастауыш сынып пәні мұғалімі Г.Егембердиеваның шәкірті Үсет Балауса  аудандық ғылыми жоба байқауынан іріктеуден өтіп, облыстық ғылыми жоба байқауынан III орынды иеленді. Мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Анарбекова Бибинур облыстық мұғалімдер олимпиадасынан алғыс хат, білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларында құнды баяндама жасағаны үшін III орын алып, 2018 жылы облыстық ғылыми–тәжірибелік әдістемелік кітапқа «Физикадан есептер шығарудың тиімді әдістері» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы жарияланды. Сонымен бірге шәкірті Пернебай Меруерт аудандық олимпиададан іріктеуден өтіп, облыстық кезеңге қатысып, «Жас физик» номинациясын иеленсе, информатика пәні мұғалімі Мусаева Сандуғаш 2017 жылы аудандық мұғалімдер олимпиадасынан I орынды жеңіп алып, облыстан  III орынмен оралды. Химия пәнінің мұғалімі Қожабаев Қуаныш  2017 жылы облыстық конференциядан алғыс хат, 2018 жылы облыстық олимпиадасынан «Ең білімді педагог» номинаңиясын иелеген. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Молдашева облыстық «Өрлеу»  электронды әдістемелік журналына «Саналы ұрпаққа сапалы білім» тақырыбындағы мақаласы жарияланып, «Жас ғалым»  ғылыми жоба шығармашылық байқауында шәкірті Адамбекова Шұғыла жүлделі орыды иеленіп, «Жас ғалым» медалімен марапатталған.  География пәнінің мұғалімі Канпоатова Айжанның оқушысы аудандық ғылыми жоба сайысында  I орын алып, облысқа жолдама алды. Облыстан алғыс хатпен оралды.

         Мектебіміздің спорт саласы бойынша бағындырған белестері қомақты. Атап айтқанда Самбо күресінен Б.Алімхантегі Тараз қаласында өткен спортакияда жеңімпазы, М.Данияр Қазақстан және Халықаралық жарыстардың жеңімпазы болып «Самбо күресінің спорт шебері» атағын алған, А.Абдуразақов  ҚР-ның жеңімпазы, Азия чемпионы,  Әлем кубогының жеңімпазы, «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағының иегері, Ж.Қошқар Түркістан облысы жеңімпазы, студенттер арасында Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері.  Е.Ахатов  Түркістан облысының жеңімпазы және халықаралық турнирдің жеңімпазы,  Республикалық жарыстардың жүлдегері.

2023 – 2024 оқу  жылындағы  марапаттар  қорытындысы

  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, Қазақстан  тарихы  пәнінен               жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  8 «Ә»  сынып  оқушысы  Айқынбек  Нұрайлым  Маратқызы  марапатталады, жетекшісі  Бердішүкірова  Ботакөз Құрбанбековна;
  1. 8 – 11 сынып оқушылары  арасында  «Абай оқулары» байқауының  аудандық  кезеңінің  «Көңілім  әнді  ұғады»  ән-күй  бағыты бойынша   8 «Б» сынып  оқушысы  Тәжібай   Ұлсезім  Орынбекқызы  жүлделі  ІІ  орын  алғаны  үшін  марапатталады, көркемдік  жетекшісі  Токсанбаева Айзада Алимханқызы;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, физика  пәнінен  жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  7 «Ә»  сынып  оқушысы  Умирзақ  Айару  марапатталады, жетекшісі  Битемирова  Гулжанат  Жанбировна;
  1. 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық  лингвистикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, информатика  пәнінен жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  10 «Ә»  сынып  оқушысы  Қалдықара  Ақбота  Әлжанқызы  марапатталады, жетекшісі  Нарымбетова  Нургуль Сейлхановна;
  1. Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінен республикалық  олимпиаданың  облыстық  кезеңінен  жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен,                              8-11 сынып оқушыларына  арналған республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, қазақ тілі  мен әдебиеті  пәнінен жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  10 «Ә»  сынып  оқушысы  Үсет Балауса Жақыпбекқызы марапатталады, жетекшісі   Молдашева Салтанат Абдуалиевна;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, орыс тілі мен әдебиеті  пәнінен               жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  7«А»  сынып  оқушысы  Ибраимхан  Асылхан Бұрханұлы  марапатталады, жетекшісі  Қасмурзаева Гулжан  Ермековна;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, биология  пәнінен  жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  8 «А»  сынып  оқушысы  Асқарбек  Көркем  Нұрдаулетқызы  марапатталады, жетекшісі  Райимбекова Назипаш Тилепбаевна;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, география  пәнінен  жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  8 «Б»  сынып  оқушысы  Тәжібай   Ұлсезім  Орынбекқызы  марапатталады, жетекшісі  Абдуллина  Мереке  Алмасқызы;
  2. 7 – 11 сынып оқушылары  арасында  «Мұқағали  оқулары» байқауының  аудандық кезеңінің  «Айтып  өткен  ақында арман  бар  ма?»  бағыты бойынша  9 «А» сынып оқушысы  Тәжібай  Лашын  Сәкенұлы  жүлделі  ІІ  орын  алғаны  үшін  марапатталады, көркемдік  жетекшісі  Үсенбаев  Нұрлан  Сұлтанбекұлы;
  1. 2-4 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, әдебиеттік оқу  пәнінен жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  4 «Б»  сынып  оқушысы  Сейткәрім Айша  марапатталады, жетекшісі   Кумекова  Динара Файзырахмановна;
  1. 1-4 сынып оқушыларынның «Зерде» зерттеу жұмыстары  мен  шығармашылық  жобалар  конкурсының  аудандық  кезеңінде  үздік  жобасымен  экология сексиясында  жүлделі  ІІ орын  алғаны үшін  3«Ә»  сынып  оқушысы  Ермек Бағым Асылбекқызы  марапатталады, жетекшісі  Кушерова  Жанар Муратхановна;
  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, Қазақстан  тарихы  пәнінен               жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  11 «Ә»  сынып  оқушысы  Абдрасил Аяжан Қонайқызы  марапатталады, жетекшісі  Бердішүкірова  Ботакөз Құрбанбековна;
  1. «Менің шағын Отаным» республикалық  конкурсының  аудандық  кезеңінде «Менің  туған  өлкем» номинациясы бойынша шығармашылық  ізденіс  танытып жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  10«А» сынып  оқушысы  Қалымбетова  Арайлым  марапатталады, жетекшісі  Бердішүкірова  Ботакөз Құрбанбековна;
  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша  7-8 сынып  оқушыларына  арналған  республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, физика  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  8 «А»  сынып  оқушысы  Рахматулла Асылзат  Ерғалиқызы  марапатталады, жетекшісі  Битемирова  Гулжанат Жанбировна;
  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына  арналған  республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, математика  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  8 «А»  сынып  оқушысы  Исабек  Назерке  Бахытқызы  марапатталады, жетекшісі  Жұмабек Тахура Қуаншыбекқызы;
  1. «Мамандықтар әлемін ашамыз»  республикалық  форумының  аудандық  кезеңінде  «Мен  мамандықты  таңдаймын» номинациясы  бойынша  жүлделі                     ІІІ  орын  алғаны  үшін 11«Ә» сынып оқушысы  Горобец Диас  Зауырұлы марапатталады, жетекшісі Нарымбетова Нургуль Сейлхановна;
  1. «Қ.Бітібаева олимпиадасы» республикалық олимпиаданың  аудандық  кезеңінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  10 «Ә»  сынып  оқушысы  Балабек  Әсел Нұрсейітқыз марапатталады, жетекшісі   Едилова Райхан  Жахановна;
  1. 8 – 11 сынып оқушылары арасында  «Абай оқулары» байқауының  аудандық  кезеңінің  «Өлең – сөздің  патшасы, сөз сарасы»  мәнерлеп оқу  бағыты бойынша       10«Ә» сынып  оқушысы  Сейдахмет  Қарақат  Мейірбекқызы  жүлделі  ІІІ  орын  алғаны  үшін  марапатталады, көркемдік  жетекшісі  Айтмуратова Гулайхан Бегамановна;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, орыс тілі мен әдебиеті  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  8 «Б»  сынып  оқушысы  Ермек Айзере  Сейітжанқызы марапатталады, жетекшісі  Қасмурзаева Гулжан Ермековна;
  2. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, ағылшын тілі  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  7 «А»  сынып  оқушысы  Асан Элмира Маратқызы марапатталады, жетекшісі  Фазылова Алия Хакимбаевна;
  1. 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, ағылшын тілі  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  6«А»  сынып  оқушысы  Асқар Айша Сейтжанқызы марапатталады, жетекшісі  Фазылова Алия Хакимбаевна;
  1. 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, ағылшын тілі  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  5«А»  сынып  оқушысы  Алибек Мерей Жанаділқызы марапатталады, жетекшісі  Фазылова Алия Хакимбаевна;
  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, информатика  пәнінен               жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  9«Б»  сынып  оқушысы  Бейсенбай Перизат  марапатталады, жетекшісі  Мусаева Сандуғаш Абдулнасировна;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, география  пәнінен  жүлделі              ІІІ орын  алғаны үшін  7 «А»  сынып  оқушысы  Мұхамедшами  Нұрсейім марапатталады, жетекшісі  Канполатова Айжан Жиенбаевна;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, химия  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  7 «А»  сынып  оқушысы  Нұрақ Бибінұр Талғатқызы марапатталады, жетекшісі  Қожабаев Қуаныш Ақылбекұлы;
  1. 1-7 сынып оқушыларынның «Зерде» зерттеу жұмыстары  мен  шығармашылық  жобалар  конкурсының  аудандық  кезеңінде  үздік  жобасымен  Қолданбалы  математика сексиясында  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  6 «А»  сынып  оқушысы  Меделхан Еркін   марапатталады, жетекшісі  Сарсенбаева Айнұр Даулетбайқызы;
  1. «Менің шағын Отаным» республикалық  конкурсының  аудандық  кезеңінде «Менің  туған  өлкем» номинациясы бойынша шығармашылық  ізденіс  танытып жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  9 сынып  оқушысы  Ауған  Жанару  марапатталады, жетекшісі  Берсугурова Айымхан Сарсенбековна;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, математика  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  7 «Ә»  сынып  оқушысы  Елубай  Нұрдана марапатталады, жетекшісі  Күрішбай  Ұлжалғас  Сыдықжанқызы;
  1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, география  пәнінен  жүлделі  ІІІ орын  алғаны үшін  11«Б»  сынып  оқушысы  Ахмет  Мерей  марапатталады, жетекшісі  Абдуллина  Мереке Алмасқызы;
  1. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  аудандық кезеңінде  жоғары  теориялық  білім көрсетіп, география  пәнінен жүлделі  ІІІ орын алғаны үшін  8 «А»  сынып  оқушысы  Тәжібай  Ғажайып  Сәкенқызы марапатталады, жетекшісі   Абдуллина  Мереке Алмасқызы;
  1. «Мамандықтар әлемін ашамыз»  республикалық  форумының  аудандық  кезеңінде  «Жас мобилография» номинациясы  бойынша  11«А» сынып оқушысы  Исмайл Балнұр Ғалымжанқызы «Алғыс хатпен» марапатталады, жетекшісі Нарымбетова Нургуль Сейлхановна;
  1. «Мамандықтар әлемін ашамыз»  республикалық  форумының  аудандық  кезеңінде  «Мен мамандықты таңдаймын» номинациясы  бойынша  10«Ә» сынып оқушысы  Сырлыбек  Мейірім Ерболатқызы «Алғыс хатпен» марапатталады, жетекшісі Нарымбетова Нургуль Сейлхановна;

    Ұстазы үшін шәкіртінің биік шыңдардан көрініп, үмітін ақтағаннан артық  бақыт жоқ. Заман мен білім берудегі талартар өзгерсе де бір нәрсе өзгеріссіз қалады, ол шәкірттерге деген шынайы, мейірімді қарым-қатынас. Осы бір мейірбандылық пен құрмет тұту қасиеттері мектебіміздің ең басты байлығы.

Педагог қызметкерлер

Жалпы саны

Ерлер саны

Әйелдер саны

1

Жалпы педагогтар саны

79

13

66

Білімі бойынша

1

Жоғары білімді мұғалімдер саны

79

13

66

2

Аяқталмаған жоғары білімді мұғалімдер саны

   

3

Арнаулы орта білімді мұғалімдер саны

   

Жаңа форматтағы біліктілік санаты бойынша

1

Педагог — шеберлер

1

 

2

2

Педагог — зерттеушілер

19

4

15

3

Педагог — сарапшылар

23

3

20

4

Педагог — модераторлар

12

1

11

5

Санатсыз мұғалімдер саны

15

4

11

Педагогикалық өтілі бойынша

1

1 жылдан кем

   

2

1 жылдан 2 жылға дейін

2

 

2

3

2 жылдан 3 жылға дейін

3

 

3

4

3 жылдан 5 жылға дейін

1

 

1

5

5 жылдан 7 жылға дейін

8

1

7

6

7 жылдан 9 жылға дейін

7

 

7

7

9 жылдан 11 жылға дейін

5

 

5

8

11 жылдан 14 жылға дейін

6

3

3

9

14 жылдан 17 жылға дейін

7

1

6

10

17 жылдан 20 жылға дейін

8

 

8

11

20 жылдан жоғары

32

8

24

МӘЗІР

Бізбен байланыс

Біз картада